Сот масаң күйде көлік басқарған

2 540

Фото: istockphoto.comАстана қаласында азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы Әсел Досаева мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды,-деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Рейдтік іс-шара кезінде патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлікті тоқтатқан. Медициналық сараптама жүргізушінің мас күйде болғанын растаған. Көлік коммуналдық тұраққа қойылып, полицейлер тексеріс жүргізуде.

Полиция департаменті көлікті мас күйде басқару – заңды өрескел бұзу және өзге азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіретін әрекет екенін ескертті. Мұндай жағдайлар заң аясында қатаң жазаланады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.