Петропавлда жеңіл көлік бетон қабырғаны тесіп өтті

554

Фото: polisia.kzПетропавлда жеңіл көлік бетон қабырғаны тесіп өтті. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген.
Желіде тараған бейнежазбада байқалғандай су таситын көліктің жүргізушісі артқа шегінбекші болған. Алайда, сол мезетте еңіске түскен көліктің тежегіші істен шыққан. 


Жүргізуші жол шетінде келе жатқан адамды қағып кетпеу үшін рөлді басқа жаққа бұрып жіберген. Салдарынан автотұрақта тұрған екі көлік соқтығысып, соның біреуі алға қарай жүріп кетіп, бетон қабырғаны қиратқан. 


Абырой болғанда, көліктердің ішінде ешкім болмаған. Ал су таситын көліктің 56 жастағы жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 


"Әкімшілік кодекстің 610 бабы бірінші бөлігі бойынша 20 МРП айыппұл, одан кейін сотқа байланысты 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылады. Ол енді соттың шешіміне байланысты. Көлік жүргізушісі мас емес. Материал жинау кезінде алкогольдік тест бәрі өткізілді", - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Алмас Еркешов. 
 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.