Билеуден бас тартқан бойжеткенді соққыға жығып, қашып кеткен

479

Атырауда жас жігіт өзімен билеуден бас тартқан бойжеткенді  ұрып, қашып кеткен- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға  кафедегі би алаңында болған. Белгісіз ер адам қызды билеуден бас тартқаны үшін сол көзінен ұрып, оқиға орнынан қашып кеткен. 

"9 қазан күні сағат 03: 33-те Атырау қалалық полиция басқармасының "102" операторына 26 жастағы қыздан билеп жатқан кезінде белгісіз ер адам оны көзінен ұрып, қашып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт бойынша 293-баптың 1-бөлігімен (Бұзақылық) қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында 23 жастағы ер адам ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Атырау облысы ПД.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.