Интернет-алаяқтыққа арналған sim-box пен ондаған телефон тәркіленді

1 513

Фото:© Polisia.kzПавлодарда интернет-алаяқтық мақсатта пайдаланылған sim-box құрылғылары табылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.

Киберқылмысқа қарсы күрес аясында құқық қорғау органдары интернет-алаяқтыққа қатысты кезекті деректі әшкереледі. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, заңсыз әрекеттерде қолданылатын арнайы құрылғыларды анықтау және тәркілеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

27 наурыз күні киберполиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шара барысында интернет-алаяқтыққа пайдаланылған екі sim-box құрылғысы анықталып, тәркіленді. Оқиғаға байланысты 23 жастағы күдікті қолға түсіп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тексеру барысында оның тұрғылықты жерінен 128 және 32 слотқа арналған екі sim-box құрылғысы, 100-ден астам SIM-карта, бірнеше Wi-Fi роутер және 32 ұялы телефон табылып, айғақ ретінде алынған.

Күдікті заңсыз қызметі үшін банктік шотына ақшалай сыйақы алып отырған. Қазіргі уақытта оның өзге де алаяқтық әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп, қосымша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.