Мемлекеттік балабақша 32,1 млн теңгеге принтер сатып алмақ болған

605

Маңғыстауда мемлекеттік балабақшалардың бірі бір принтерді 10,7 млн-ға сатып алмақ болған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Маңғыстау облысындағы балабақша мемлекеттік сатып алу порталында 32,1 млн теңгеге 3 дана принтер сатып алуды көздеген.


«Өңірде мемлекеттік сатып алуды тиімсіз жоспарлайтын мекемелер бар. Мысалы, Түпқараған аудандық білім бөліміне қарасты мемлекеттік балабақшалардың бірі 32,1 млн теңгеге 3 дана принтер сатып алуды жоспарлаған. Яғни принтердің бір данасын 10,7 млн теңгеден сатып алуды көздеген. Алайда жоғарыда көрсетілген тауардың нарықтағы құны – 100 мың теңге. Департамент берген ұсыным хаттың негізінде мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып, 31 млн теңге қаражат үнемделді», – деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.