Қызылорда қаласында ірі 2 нысан құрылысы бастау алды

45

Жыл басынан бері 198 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау саласы бойынша жалпы құны  9,7 млрд теңге болатын 27 нысанның құрылысы жоспарланған. Бұл жайында Қызылорда облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Аманжол Оңғарбаев жеткізді. 


Қазіргі таңда құны 6,5 млрд теңге болатын 15 дәрігерлік амбулатория және 1 медициналық бекет құрылысының жергілікті бюджет есебінен жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысы алынған. ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне аталған 16 жобаны биылғы жылы қаржыландыру үшін жыл басында бюджеттік өтінім ұсынылып, республикалық бюджет есебінен  15 дәрігерлік амбулатория құрылысына - 5,7 млрд теңге қаржы бөлінген.

«Бүгінгі күні, 2023 жылы жоспарланған Ұлттық жоба аясындағы 15 дәрігерлік амбулатория құрылысы бойынша 14 нысанның мердігері анықталған, ал қалған 1 нысан бойынша ағымдағы жылдың маусым  айының 21 дейін конкурс нәтижесі аяқталып, мердігерді анықтау жоспарлануда. Ұлттық жобадағы 2024 жылы іске асырылатын қалған 11 нысан құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін жергілікті бюджет есебінен - 39,1 млн теңге қаржы бөлінді. Сонымен бірге биылғы жылы Қызылорда қаласында ірі 2 нысан құрылысы бастау алды, олар - ауысымына 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсекке арналған көпбейінді аурухана құрылысы және  облыстық қан орталығының құрылысы. Жалпы бүгінгі таңда ағымдағы жылдың соңына дейін толығымен аяқталатын барлық іс-шаралар бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде» деді ол.


Айта кетейік, бүгін облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Аманжол Оңғарбаев сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар аясында ақпар берген болатын.

Білім беру, денсаулық сақтау және спорттың қолжетімділігін арттыру бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Жол картаға сәйкес 2023-2027 жылдар аралығында Қызылорда облысында 26 мектеп салу және 4 мектепке қосымша құрылыс жүргізу жоспарланған. Бұл жайында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Аманжол Оңғарбаев жеткізді.

«Қазіргі таңда аймақта 6 апаттық мектеп және Қызылорда қаласында үш ауысымда оқытатын 6 мектеп бар. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде салынатын 21 мектеп есебінен апаттық мектептердің 4-еуінің мәселесі шешімін табады. Қалған 2 мектеп бойынша, атап айтқанда: Арал ауданы Тоқабай елді мекеніндегі апатты мектептің құрылысы жеке демеуші есебінен жүргізілуде. Нысан биыл пайдалануға беріледі. Шиелі ауданы Жансейіт елді мекеніндегі 100 орындық мектептің құрылысы «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен қаржыландыруға ұсынылып, қолдау тапты. Нәтижесінде апаттық мектептердің мәселесі 2025 жылы толық шешіледі деп жоспарлануда. Үш ауысымда оқытатын білім беру ұйымдары мәселесін шешу мақсатында облыс орталығындағы 4 мектептің жанынан 1850 орынға лайықталған қосымша ғимарат құрылысы жүргізілуде. Қалған 2 білім нысаны биыл пайдалануға берілетін Жезқазған трассасы бойындағы 600 орындық жаңа мектеп есебінен шешіледі. Осылайша биыл үш ауысымда оқыту мәселесі шешіледі деп күтілуде» деді депутаттық фракция жетекшісі.


Бұдан бөлек, аудандардағы орын тапшылығын шешу мақсатында осы жылы жаңа 3 мектеп  пайдалануға берілмек. Айта кеткен жөн, 2023-2027 жылдары 14 спорт нысандарын салу жоспарланған. Оның ішінде биылғы жылы республикалық және облыстық бюджет есебінен Арал ауданы Жақсықылыш кентінде, Қамыстыбас ауылында, Қазалы ауданы Түктібаев ауылында, Сырдария ауданы Бесарық ауылында, Қармақшы ауданы III Интернационал, Жаңажол ауылында, Жаңақорған ауданы Ақжол ауылында барлығы 7 спорт кешені, Қармақшы ауданы Жосалы кентінде, Ақай кентінде, Жалағаш ауданы Жалағаш кентінде, Шиелі ауданы Шиелі кентінде, Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде барлығы 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, барлығы 12 нысан құрылысы және «Самұрық-Қазына» әл-ауқат ұлттық қоры» АҚ демеушілігі есебінен Қызылорда қаласы Махамбет ауылында спорт кешені құрылысы жүргізілуде. Бүгінгі күні олардың ішінен 2 спорт нысаны пайдалануға берілсе, 9 спорт нысаны жыл соңында пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ, 2 нысан, яғни Қармақшы ауданы III Интернационал, Жаңажол ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешендері құрылыстары 2024 жылға өтпелі.

Айта кетейік, бүгін облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Аманжол Сақыпұлы Оңғарбаев сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар аясында ақпар берген болатын.

Биыл елді мекендерді газдандыру бойынша 25 жоба іске асырылып жатыр. Бұл жайында облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Аманжол Оңғарбаев жеткізді.

Оның ішінен 2 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, 3 елді мекен – Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округінің Махамбет елді мекені және Жаңақорған ауданының Ақүйік ауылдық округіндегі Бірлік және Қыраш ауылдық округіндегі Қызылмақташы елді мекендері газдандырылды. 219,7 км газ құбыры жүргізіліп, 12801 тұрғын «көгілдір отын» игілігін көруде.

«Қызылорда қаласы бойынша биыл 12 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды, оның 7-інің бүгінгі күнге мердігер мекемесі анықталса, 5 анықталу үстінде. Қазалы ауданында 4, Жаңақорған ауданында 2 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Барлық жөндеу жұмыстары 2023 жылы аяқтау жоспарланған. Ал көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша биыл Қызылорда қаласы мен аудандардың елді мекендерінің 72,5 км көшелерін жөндеу, жергілікті маңызы бар 86,7 км жолдарды күрделі және орташа жөндеу жүргізілуде» деді ол.


Айта кетейік, бүгін облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Аманжол Оңғарбаев сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар аясында ақпар берген болатын.

Бүгін Қызылорда облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Аманжол Оңғарбаев сайлауалды бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар аясында ақпар берді.

Фракцияның жаңа құрамы өз міндетін жауапкершілікпен атқаруда. Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруды басты бағдар етіп, сайлаушыларға берген уәденің үдесінен шығуда депутаттық қызметін абыроймен атқаруға ден қойған фракция мүшелерінің жұмысы жүйелі. Мәселен, «АМАNАТ» партиясы сайлауалды бағдарламасының және Жол картаның уақытылы орындалуын қадағалау, өзекті мәселелерді мерзімінде шешу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

«Мәслихаттағы депутаттық фракцияда және партия жанындағы кеңестерде Жол картаның орындалуы пысықталды. Бұл жиындарға жауапты ұйымдардың өкілдері де қатысты. Жол картадағы іс-шараны іске асыру үшін қаржыландыру жағдайы талданып, тиісті ұсыныстар берілді. Соның нәтижесінде бүгінгі күнге орындалмау қауіпі бар мәселелер анықталған жоқ. Қаңтар-маусым айларында Қызылорда облысы бойынша Жол картадағы 122 іс-шараның 10 (8%) орындалған, 105 (86%) орындалу сатысында. 7 (6%) мерзімі келмегенін көрсетті» деп атап өтті Аманжол Оңғарбаев.


Сонымен қатар, жол картаның экономиканы дамыту бағыты бойынша жыл басынан бері шағын орта бизнес субъектілерін қолдау мақсатында жалпы құны 10 миллиард теңге болатын 198 жобаға қаржылай қолдау көрсетілген. Жаңа бизнес-идеяны жүзеге асыратын 722 адамға қайтарымсыз мемлекеттік грант беріліпті.

«Ауыл шаруашылығында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, су үнемдеу технологиясын қолдануды ұлғайту, «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында мемлекет меншігіне жерлерді қайтару, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мысалы, биыл 2 жобаны іске қосу жоспарланды. Бірі – "Асыл Дән ЛТД" ЖШС-нің Қызылорда қаласында күріш өңдеу зауытының құрылысы (құны 900 млн. теңге, қуаттылығы 5000 тн, 20 жұмыс орны). Екіншісі – Шиелі ауданында қуаттылығы 700 тонна көкөніс сақтау қоймасының құрылысы (құны 170 млн. теңге, 14 жұмыс орны). Сонымен қатар, жыл басынан бері 108 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Ал «Ауыл аманаты» жобасы бойынша осы 20 шілдеден бастап несиелендіруге құжаттар қабылдана бастады, құжаттар тексеріліп олар бойынша оң шешім қабылданған соң несиелендірілетін болады. Сонымен қатар, жыл басынан бері 108 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды. Ал «Ауыл аманаты» жобасы бойынша осы 20 шілдеден бастап несиелендіруге құжаттар қабылдана бастады, құжаттар тексеріліп олар бойынша оң шешім қабылданған соң несиелендірілетін болады» деді облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Аманжол Сақыпұлы.