Қызылордада бас жоспар жаңарып, саяжайлар да газға қосылады
Қызылорда облысының орталығында тұрғындарды табиғи газбен қамту бағытындағы жұмыс жалғасын тауып келеді,-деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Газ желісі жетпеген елді мекендерге және қала аумағында қалып қойған аумақтарға көгілдір отын тарту үшін 3 млрд 500 млн теңге бағытталды.
Алдағы уақытта қаланың жаңа бас жоспары бекітілмек. Оған қала жанындағы саяжайлар түгел енеді. Басты құжат негізінде Эдельвейс, Еңбек, Орбита секілді саяжайларға да газ желісі жүргізіледі.
Қаз
Рус






