Министр: Қант қаласақ та, қаламасақ та бәрібір қымбаттайды

452

Премьер-министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда негізгі тауарлардың дефициті болмайтынын, ал қант секілді импорт тауарлардың бағасы бәрібір өсетінін мәлім етті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бізде тауардың алты түрі бойынша импортқа тәуелділік бар. Негізгі тауарлар жетпей қалмайды. Импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған арнайы бағдарлама бар. Экспортқа тәуелді тауарлар да бар. Ол мәселен бидай. Сыртқы нарықта баға қымбаттап кетсе, ішкі нарықта да қымбатшылық болады», - деді ол үкімет кулуарында.


Оның айтуынша, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Айналым схемалар арқылы кейбір тауарлар бойынша баға тұрақтандырылған.


«Алайда азық-түліктің кей түрі бойынша, мәселен қант жағынан қаласақ та, қаламасақ та баға өседі. Өйткені бүкіл әлемде биржалық баға өсіп барады. Бізге қант жеткізіп жатқан Ресейдің өзі тасымалды тоқтатқандықтан, бұл жағадй әрине бізге әсер етеді. Логистика бүкіл әлемде өсіп барады. Доллар да. Еуро да», - дейді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.