Жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра ішімдік ішіп, көлік басқаратын қазақстандықтарға жаза қатаңдатылады

1 492

Фото: pixabay.comҚазақстанда жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра ішімдік ішіп, рөлге отыратын азаматтарға жаза күшейтілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Алматы полициясының мәліметінше, өзгертулерге сәйкес бұл ережені бұзған тұрғындар құжат алу үшін жеті жылға дейін емтиханға кіргізілмейді. 

Сондай-ақ енді жылдымдықты шамадан тыс асыратын жүргізушілерге 147 мың теңгеден астам айыппұл салынады. Ал бір жыл ішінде ережені қайта бұзған жүргізушілер 221 мың теңге төлейді. Ал күндіз көліктің жарығын жақпаған азаматтардың керісінше, жазасы жеңілдейді. Енді тәртіп сақшылары оларға алғашында ескерту жасаумен шектеледі. Ал оны елемегендер айыппұл арқалайды. Бұл өзгерістерді көпшілік қолдап отыр. 

“Менің ойымша, күндіз фарларды жағуды ұмытып кеткендерге алдымен ескерту жасаған дұрыс. Өйткені оның аса бір жол қауіпсіздігіне кедергісі жоқ. Сондай-ақ жылдамдықты асырғандарға айыппұлды арттырған дұрыс. Соның кесірінен жол апаты да, адам өлімі де көп”, “Жолда керек. Өйткені көрінбейді Алыстан келе жатқан машина күндіз де көрінбей қалуы мүмкін. Ал қаланың ішінде жарықтың аса қажеті жоқ деп ойлаймын”, “Жарық жағу керек. Қыста күндіз бұлыңғыр, көру мүмкіндігі төмен болады. Ал кеш батқанда міндетті түрде жарық жағу керек”, – дейді тұрғындар.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.