БҚО-да мектеп оқушысы бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат таратты деген күдікке ілінді
Батыс Қазақстан облысында 15 жастағы жасөспірім бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат таратқаны үшін 5 жылға сотталуы мүмкін. Полицейлер жалған мәліметтің авторын 2 айға жуық іздеген, деп хабарлайды Opennews.k ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
8-сынып оқушысы Көкшетаудағы облыстық сот ғимаратына "бомба қойылғаны" туралы жалған ақпарат таратты деген күдікке ілінді. Тергеу нұсқасы бойынша, ол облыстық сот хатшысына және ақпарат порталының редакторына хабарлама жолдаған. Кейін аталған ғимаратқа барлық төтенше қызмет жіберілген.
Саперлер мен кинологтар нысанда екі сағатқа жуық тексеріп, қауіпеті ештеңе таппаған. Ал жасөспірімнен хабарлама жіберген компьютер тәркіленді. Қазір ол ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылды. Полиция оның басқа да қылмыстарға қатысын тексеріп жатыр.