Талғарда мектеп оқушысы төбелестен ауруханаға түсті

293

Фото: polisia.kzТалғарда жоғарғы сынып оқушысы досымен төбелесіп, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Әлеуметтік желіде кәмелетке толмаған баланың мектеп аумағында ауыр жарақат алып, ауруханаға түскені туралы видео пайда болды. Төбелес кезінде жарақат алған жасөспірімге дәрігерлер көмектесті.


Анықталғандай, балалардың төбелесін өтіп бара жатқан адам байқап қалып, ажыратпақ болған. Бейтаныс адам төбелеске араласқаннан кейін, балалар оқиға орнынан қашып кеткен. 
Алматы облыстық полициясы 15 қыркүйекте Талғар мектептерінің бірінде жоғары сыныптың екі оқушысы төбелескенін растады. Оқиға №2 мектепте болған.


"Төбелес салдарынан 2005 жылы туған оқушылардың бірі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Іске қатысты тиісті тексеру басталды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Зардап шеккен баланың жағдайы туралы әзірге ақпарат жоқ.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.