Желіні шулатқан «Прокурордың әйелі» қызылордалық па?

1 065
Бүгін әлеуметтік желіге жарияланған Қызылорда облысының прокурорының әйелі деген бейнежазба қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Өзін «Прокурордың әйелімін» деп таныстырған келіншек балағат сөздер айтып,  күйеуінің мансабын алға тартып, күзет қызметіне қоқан-лоқы көрсетті.  




Десек те желі қолданушылары күйеуінің мансабын пайдаланған келіншекке байланысты:
«Мәссаған, шенеуніктің әйелімін деп қорқытуға бола ма?»
«Хайп үшін шенділердің атын жамылып, өтірікті өрбіту қалыпты жағдайға айналғаны өкінішті»,
дейді желі қолданушылары.

Алайда, жазбаға Қызылорда Облыстық Прокуратурасы:


«Әлеуметтік желіде Қызылорда облысы прокурорының әйелі күзетшілерге дөрекілік жасады, деген сипатта видео тарауда. Бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат. Облыс прокурорының әйелінің аты жөні: Бижанова Татьяна Анатольевна. Ұлты - орыс. Таралған видеодағы адам басқа әйел. Жала жауып, жалған ақпарат таратушыларға заңмен көзделген тәртіпте жауапкершілік қаралатынын, назарға саламыз», - деген жазба қалдырған.