Сабақ оқымағаны үшін қызына пышақ сұққан ана 6 жылға сотталды
Солтүстік Қазақстан облысы, Уәлиханов ауданы, Өндіріс ауылының тұрғыны, көп балалы анаға үкім шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оқиға 2024 жылы 17 қыркүйекте болған. Сол күні психологиялық күйі жайсыз болып тұрған анасы үй тапсырмасын дұрыс жасамағаны үшін қызына пышақ сұғып алған. Анасы сол күні қызын неге ұрғанын есіне түсіре алмаған.
Қыз баланың оң жақ құйрығына екі сантиметр пышақ кіріп кеткен. Қан дұрыс жүрмегендіктен бетінде акроцианоз басталған. Дәрігерлер баланың ауыр жағдайын ескеріп, ота жасап, Петропавлға емделуге жіберген.
Анасын сол кезде басқа балаларының тәрбиесінен шеттеткен. Олар үйінде әкесімен және ата-әжесімен қалған. Ата-анасы есеп тұрмаған. Әкесі Ресейге табыс табуға кеткен.
Келіншек енді алты жылын қауіпсіздігі орташа абақтыда өткізеді. Оны сот залында қамауға алды. Оған дейін ол бостандықта болған.