Үш адам қаза тапты, кінәлі босатылды

1 523

фото;PinterestҚостанайда көлік жөндеу орталығындағы жарылысқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 2023 жылдың желтоқсанында Амангелді тұрғын үй алабында болған. Төтенше жағдайдан кейін ғимарат опырылып, үш адам қаза тапса, бірнеше адам ауыр жарақат алған еді. Сот апатқа тексеру мерзімі өтіп кеткен газ жабдығы бар көлік себеп болғанын анықтап, ғимарат иесін кінәлі деп таныды. Алайда оны жауапқа тарту мерзімі өтіп кеткендіктен, күдікті сот залынан босатылды.

Сонымен қатар жәбірленушілердің 30 миллион теңгеден астам өтемақы өндіру туралы талаптары қанағаттандырылды.

"Сотталушы Қылмыстық кодекстің 104-бабы 2-бөлігі, 114-бабы 3-бөлігі және 204-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Алайда қылмыстық жауапқа тарту мерзімі өтіп кеткендіктен, ол жазадан босатылды", – деді № 2 қалалық сотының судьясы Олжас Баяқов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.