Елімізде курьерлерге арналған жаңа талаптар енгізілді

1 356

Фото: pixabay.comҚазақстанда тамақ тасушы курьерлер денсаулығы туралы анықтама алу үшін медициналық тексерілуі керек. Яғни, гигиеналық дайындықтан өтуге міндеттелді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде тамақ жеткізу қызметіне қатысты жаңа талаптар енгізілді. Ендігіде курьерлерде медициналық тексеруден өткені туралы белгісі бар жеке медициналық кітапша болуы керек.

“Осы стандартты қолданудан қоғамдық тамақтандыру өнімдерін жеткізу нарығындағы талаптардың ашықтығы мен бірізділігі қамтамасыз етіледі. Тұтынушылардың көрсетілетін қызметтерге деген сенім деңгейі артады және Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі жүйесінің нығаюына ықпал етеді", – деп мәлімдеді сауда және интеграция министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті. 



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.