Жалағаш ауданында денсаулық сақтау саласы қарқынды дамуда

1 224

Фото: pixabay.comАуданда денсаулық сақтау саласы жылдан жылға дамып келеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Типтік үлгідегі жаңа аурухана, жаңа емхана аудан тұрғындарының денсаулығын жақсартуға оң ықпал етуде.

Өздеріңіз білесіздер, 2023 жылы Республикалық бюджеттен 752,8 млн. теңге бөлініп, Мырзабай ахун және Аламесек ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар ел игілігіне пайдалануға берілді. 

Жаңа нысандар бүгінде науқастарға сапалы, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету үшін заманауи құрал-жабдықтармен жасақталған. 

Биылғы жылы Қаракеткен ауылында жалпы құны 388,7 млн теңгені құрайтын типтік жобадағы жаңа дәрігерлік амбулатория құрылысы басталды. 

Аталған нысан биылғы жылы ел игілігіне табысталатын болады.

Облыс әкімінің қолдауымен аудандағы денсаулық сақтау саласы биыл 7 жедел-жәрдем автокөлігімен толықты. 

Экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстар да жүйелі жүргізілуде. 

Бұл жұмыстарға бюджеттен 138,5 млн теңге қаржы қаралды.

 «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы аудан бюджетінен Жалағаш кенті мен 14 елді мекенге абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 67,6 млн теңге қаржы бөлінді. 

Абаттандыру бағытындағы жұмыстарға 50,5 млн. теңге және санитарияға 20,4 млн. теңгеге тиісті жұмыстар атқарылуда. 

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы ағымдағы жылы аудандық бюджет есебінен 1 елді мекенде жаңадан балалар ойын алаңы салынып, 2 ойын алаңына жөндеу жұмыстары аяқталса, кенттегі 3 ойын алаңына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен  бастау алған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына (17 890) аудан тұрғындар белсенді қатысуда. 

Акция барысында кент және ауылдық округтерде 17  су жүретін каналдар тазартылып, 43 әлеуметтік нысанға, 7 тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағына, 21 аллеялар мен саябақтарда көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Санитарлық-тазалық жұмыстарына арнайы техникалар тартылып, күл-қоқыстар белгіленген орындарға шығарылуда.

Бүгінде науқанға барынша үлес қосу және туған өлкені көркейту-көгалдандыру мақсатында еріктілер, тұрғындар мен жастар жоспарланған әрбір шараға белсенді қатысып келеді.