МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ ҚҰБЫЛ РШЫМБЕТОВКЕ «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

1 434

Фото: Қазалы ауданының әкімдігіБүгін Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты шара өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Оған құқық қорғау органдарының, басқарма, департаменттердің басшылары, зиялы қауым өкілдері мен облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Медицина саласы — адамдардың денсаулығын сақтау, ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу мәселелерімен айналысатын ғылым және практика.

Аймақ басшысы өңірдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандары мен ардагерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Жиында «Қазалы теміржол ауруханасы» ЖШС-нің директоры, медицина саласының ардагері Құбыл Ршымбетов аймақтағы медицина саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Басқосуда облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, жиналған қауымды ұлттық мерекемен құттықтады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.