Шенеунік 4 мыңнан 25 мың теңгеге дейін пара алғаны үшін жазаланды

1 280

Фото: capost.mediaСемейдің ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Абай облыстық сотының мәліметінше, Семей қаласының №2 соты айыпталушыларға қатысты қылмыстық істі қарады.

«Біреуі (ҚК 366 – бабының 3-бөлігінің 4-тармағы) және бесеуі – пара беру (ҚК 367-бабының 1-бөлігі) бойынша айыпталды. Семей қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндет атқарушы құжаттарды жеделдетіп ресімдегені, жүргізуші куәлігін ауыстыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге жәрдемдескені, жоғары сұраныстың мемлекеттік тіркеу нөмірін алуға жәрдемдескені үшін бес азаматтан пара алды (4 мың теңгеден 25 мың теңгеге дейін)» делінген хабарламада. 

Сот ауыл шаруашылығы бөлімінің басшының ҚК 366-бабының 3-бөлігі 4-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған жаза тағайындалды – 2,9 млн теңге айыппұл (пара сомасынан 60 есе), мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.