Елімізде 5 колледж лицензиясыз студенттерге білім берген

233
Еліміздегі 198 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары аттестаттаудан өтпеген, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің мәліметінше, мемлекеттік аттестаттау кезінде техникалық және кәсіптік білім берудегі бірқатар проблема анықталды.

Мемлекеттік аттестаттауды өткізу барысында лицензиясыз білім беру қызметімен айналысқан колледждер анықталды. Бұл – Қостанай облысы Денисов кәсіптік-техникалық колледжі, Қарағанды облысы А.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі, Қарағанды жоғары гуманитарлық, Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі және Теміртау жоғары политехникалық колледжі, – деді  комитет төрағасы Ернұр Дәуенов.


Сондай-ақ тексерілген 315 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының 198-і аттестаттаудан өтпеген. Олардың басым бөлігі Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Жетісу және Түркістан облыстарында орналасқан.

Аттестаттаудан өтпеудің себебі – техникалық және кәсіптік білім ұйымдары әзірлейтін білім беру бағдарламаларына сай болмауы, МЖМБС талаптарына сәйкес оқытушылардың сапалық құрамының (тиісті санаттағы оқытушылардың аздығы) болмауы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.