"Қызылорда-Жезқазған" автожолын жаңғырту жұмыстары басталуда
405
Жалпы ұзындығы 427 шақырым болатын «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңарту басталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жалпы еліміздегі автомобиль жолдарының ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Пл соның 25 мың шақырымы - республикалық маңызы бар жолдар болса, 71 мың шақырымы – облыстық және аудандық маңызы бар жолдар сатысында.
Еліміздегі республикалық маңызы бар жолдар қарайтын Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин биылғы атқарылған жұмыстар туралы мәлімдеме жасады.
Сондай-ақ әлеуетті жобаларға тоқталған комитет төрағасы биыл жобалау процесінде 3 жаңа жоба бар екенін айтты.
Сондай-ақ, биыл Қызылорда облысының аумағы бойынша (218 шқ) «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңарту басталды, Ұлытау облысының аумағындағы қалған учаскелер бойынша мердігерлік ұйымды анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізілуде, сондай-ақ жекелеген учаскелерде ЖСҚ әзірлеу жұмыстары аяқталғалы отырғанын айтады.

Ағымдағы жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары жалпы пайдаланымдағы 11 мың шақырымнан астам автожолда жүргізілуде. Биыл республикалық желі бойынша 4 мың шақырымда құрылыс және реконструкция жұмыстары жүргізілуде, соның 1,2 мың шақырымын аяқтаймыз.Күрделі және орташа жөндеумен шамамен 3 мың шақырым жол қамтылды, соның 900 шақырымына жуығында аяқталады. Жергілікті автожолдар желісінде жөндеудің барлық түрлерімен 4,6 мың шақырым жол қамтылған, соның 2,6 мың шақырымы аяқталады,-деді ол.
Сондай-ақ әлеуетті жобаларға тоқталған комитет төрағасы биыл жобалау процесінде 3 жаңа жоба бар екенін айтты.
Орал қаласының оңтүстік-батыс айналма жолымен «Атырау-Орал» - 521 шқ (13 учаске), «Жезқазған-Қарағанды» - 513 шқ (12 учаске),«Ақтөбе-Ұлғайсын» - 262 шқ (7 учаске). Жобалау жұмыстарының аяқталуы 2023 жылға көзделген. Бұдан соң құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуы жоспарлануда,-деп атап өтті.