Студентті суицид жасауға жеткізген 11 адамға үкім шықты
Ақмола облысында жұмбақ жағдайда қаза болған студент өліміне және басқа да кісілерді бопсалау бойынша кінәлі деп танылған 11 адамға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Оларға бопсалау, бұзақылық жасау, жәбірленушіні өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу дерегі бойынша айып тағылды.
Деректерге сай Бурабай ауданында сотталушылар ұзақ уақыт бойы 12 адамнан 130-500 мың теңгеге дейін (жалпы сома 1 140 000 теңге) ақша бопсалаған.
Сонымен қатар, екі сотталушы жәбірленуш өзін-өзі өлтіруіге дейін жеткізген.
Сондай-ақ, сотталушылар жәбірленуші отбасыға 4 миллион 140 000 теңге қаржы көлемінде моральдық және материалдық шығынды өтеді.
Сонымен қатар, сот басты талқылай келе тәртіп бұзылғаны үшін полиция департаментінің, әкімінің атына жекеше қаулылар шығарды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.