Бүгін Қазақстан металлургтері кәсіби мерекелерін атап өтуде

271

Бүгін Қазақстан металлургтері кәсіби мерекелерін атап өтуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


1957 жылдың 28 қыркүйегінде КСРО экономикасының қалпына келуіне ықпал еткен кеңестік металлургиялық өнеркәсіпке құрмет ретінде КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Металлург күнін бекітті. Ол шілде айының үшінші жексенбісінде атап өтілді.
КСРО тарағаннан кейін мереке металлургия ел экономикасында сүбелі рөл ойнайтын ТМД-ның барлық елдерінде сақталып қалды.
Қазақстанда Металлург күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес атап өтіледі.

2011 жылғы қазан айының соңында Елбасы Н.Назарбаев Қазақстандағы кәсіби және өзге де мерекелердің жаңа тізімін бекітті. Металлургтер күнін шілденің үшінші жексенбісінде атап өту - өзгеріссіз қалдырылды.
Өнеркәсіп өндірісіндегі сан алуан жұмысшы мамандықтарының көптігі өмірге бүкілхалықтық салалық мерекелердің пайда болуына әсер етті. Соның бірі – Металлург күні.
 Металлургия – (грек сөзіне аударғанда – метал өңдеймін) ғылымның, техниканың, өнеркәсіптің кеннен немесе басқа да материалдардан металл алу процестерін, сондай-ақ металл қорытпаларға олардың химиялық құрамы мен құрылымын өзгерту арқылы қажетті қасиеттер беру процестерін қамтитын саласы. Металлургия – түсті және қара , галламды, өте жоғары температурада (2000-20000 К) өтетін плазмалы және лазермен өңделетін металлургия болып ажыратылады: орындалатын процестерге байланысты пирометаллургия және гидрометаллургияға бөлінеді. Қазақстанмен қатар, бұл мереке Армения, Беларусь, Украина және Ресейде атап өтіледі.