Сауда орталығында тілек ағашы бой көтерді

1 513

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: © Астана әкімдігіАстананың Есіл ауданындағы «Керуен» сауда орталығында «Армандар әлемі» атты ерекше «Тілек ағашы» орнатылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Мейірімділік пен қайырымдылықты дәріптеуге бағытталған бұл ағаш бұтақтарына балалардың тілектері жазылған QR-кодтар ілінген. Оны сканерлеу арқылы кез келген адам Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында тәрбиеленіп жатқан балалардың тізімімен танысып, бір баланың арманын орындап, сыйлық сыйлай алмақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, акцияның басты мақсаты – қоғамды өзара көмек пен қамқорлыққа шақыру.

– Мұндағы әрбір орындалған тілек балаға қуаныш сыйлап қана қоймай, оның жақсылыққа деген сенімін арттырмақ. Сондай-ақ, Цифрландыру жылы аясында жоба биыл жаңа форматта жүзеге асып жатр. Бұрын тілектер қағазға жазылып ілінсе, қазір олар заманға сай әзірленіп, QR-код арқылы ұсынылған. Осылайша қайырымдылыққа қатысуды барынша ыңғайлы әрі қолжетімді етті, - дейді ұйымдастырушы Есіл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Құралай Серікқызы.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.