Салықтан қашқан кәсіпкер түрмеден бірақ шықты

338

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Жалған шот-фактураларды пайдаланып, 263,7 млн теңгенің салығын төлемеген кәсіпкер сотталды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Атырау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мемлекеттік кірістер органымен салық заңнамасының сақталуына тұрақты талдау жүргізіледі.

Мемлекет басшысы бизнес өкілдерімен кездесу өткізу барысында ірі компаниялар салық төлеуден жалтаратыны және мемлекет активтерін шетелге заңсыз шығаратыны туралы атап өтті.
Жүргізілген талдау нәтижесінде «БатысТехноСервисез» ЖШС-нің бұрынғы директоры коммерциялық ұйымның жалғыз басшысы бола тұра, 2018-2019 жылдар аралығында жалған шот-фактураларды пайдаланып, 263,7 млн теңге сомасына салық төлеуден жалтарғаны анықталды.
Аталған залал облыс прокуратурасының Атырау облыстық Мемлекеттік кірістер департаментіне жолданған талап негізінде расталды.
Осыған байланысты серіктестік директорына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабының 3-бөлігі (Аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару фактісі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді, - деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметінен.

Сот үкімімен кәсіпкер коммерциялық ұйымдарда 5 жылға басшы лауазымдарды атқару құқығынан, сондай-ақ 3 жыл 4 ай мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.