«102» қызметінің операторын балағаттаған ер адам сотталды

1 513

Фото; PinterestҚала тұрғыны «102» арнасына қоңырау шалу барысында оператордың атына балағат сөздер айтып, ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігінде көзделген «Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде қорлау» қылмыстық құқық бұзушылығын жасаған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді.

Сот үкімімен оған 30 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енді.

Астана прокуратурасы төтенше қызметтердің қызметкерлері күн сайын азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өз міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқаратынын еске салды. Билік өкілін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.