Әсел Айтпаеваның өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылуы мүмкін

346
Анасы Грузия прокуратурасының деректеріне сілтеме жасап, олардың шешімін айыпталушының өлімімен түсіндірді.
"Айыпталушы болмағандықтан, процесті тоқтататын шығар. Ештеңе түсіндірілмейді. Бұл мені қанағаттандырмады, бірақ мен не істей аламын. Неліктен бұлай жасағандарын білмеймін. Ертең-келесі күні нақты шешім қабылдайды", - деді Айсұлу Айтбаева.
Еске салсақ, бүгін Әселдің өліміне кінәлі күдікті түрмеде өлі күйінде табылды.
Бұған дейін, 6 мамырда қазақстандық бойжеткен Грузияда түсініксіз жағдайда көз жұмғаны айтылған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Кейіннен Грузия бас прокуратурасы Әселдің зорланғаны туралы мәлім етті.  Өлер алдында ол досына аудио хабарлама жіберіп үлгерген, онда ер адам оған зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытқанын естуге болады. Сонымен қатар,  қыздың өлімін егжей-тегжейлі тергеу үшін Қазақстан ІІМ Грузияға өзінің тергеу-жедел тобын жібереді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.