Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

410

Ханчжоу қаласында Қытай Коммунистік партиясының жоғары лауазымды қызметкері Чжоу Цзяньён 182 миллион юань (25 млн доллар) пара алды деген айыппен өлім жазасына кесілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


South China Morning Post ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жемқор шенеунік жер мәселесін шешу үшін ұйымдар мен жеке тұлғалардан ақша алған.


Қазіргі уақытта Қытайда өлім жазасы көп жағдайда жүрек соғысын тоқтататын инъекция арқылы жүзеге асырылады, бұған дейін тек ату жазасы қолданылып келген. Бүгінде ату жазасы өлім жазасына кесілген қылмыскерлердің белгілі бір санаты – тек кісі өлтіргендер мен есірткі сатушылар үшін ғана қолданылады.


Алайда жергілікті БАҚ 56 жастағы партия қызметкері үшін өлім жазасын өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруы мүмкін деп жазады. Бұл жағдайда ол өмір бойына саяси құқықтарынан айырылып, мүлкі тәркіленеді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.