Қорғаныс министрлігі Жеңіс күніне орай әскери парад неге өтпейтінін түсіндірді

259
Қорғаныс министрлігі биыл бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Жеңіс күніне орай әскери парад өткізбейді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2022 жылы Қазақстанда бюджет қаражатын үнемдеуге және басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ", - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, министрлік Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін қолдауға, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындауға басымдық беріп отыр.

Әскери парад өтпесе де, өңірлерде әскери-патриоттық іс-шаралар жоспарланған
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.