Әйел мұғалім 54 жасында 100 келі зілтемір көтеріп, рекорд орнатты
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Мысыр Республикасының Каир қаласында өткен пауэрлифтингтен ашық әлем чемпионатында Қазақстанның еңбең сіңірген бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Ержанова рекорд орнатып, екі алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қалалық білім беру басқармасының баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, Айгүл Ержанова бұл спортқа 52 жасында келген. Қазір жасы 54-те.
Жиырмаға тарта мемлекеттің өкілдері қатысқан жарыста Айгүл Ержанова 100 кг зілтемір көтеріп, екі алтын медаль иеленді.
Айта кетейік, Айгүл Ержанова Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі. Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған.
Қаз
Рус






