«Алтын алқа» мен «Күміс алқа» тек Қазақстан азаматтарына беріледі

1 121

Фото: gov.kzМемлекеттік наградалар тізбесіне өзгертулер енгізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы ұғымы алынып тасталып, ел мүддесін қорғауда көрсеткен ерлігі, батырлығы, қаһармандығы үшін және адам өмірін сақтап қалуға байланысты жағдайларда қайтыс болғаннан кейін мемлекеттік наградалармен марапаттау мүмкіндігін заңнамалық тұрғыдан бекітеді. Сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған аналарға Қазақстан Республикасының азаматтығының болуы туралы талап белгіленді.

Сондай-ақ ордендер мен медальдарды, төсбелгілер мен оларға арналған құжаттарды толығымен немесе сыртқы түрі не атауын мемлекеттік наградаларға ұқсас етіп белгілеуге және дайындауға тыйым салынады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.