Жасанды ұрықтандыру Қазақстанда қалай жүруде?

383

Фото:Денсаулық сақтау министрлігі

«Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2 мыңнан аса бала дүниеге келді деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттігі  Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


«Мемлекет басшысы еліміздегі отбасылық-демографиялық ахуалға алаңдаушылық білдіріп, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнаулы бағдарламасын іске қосуды, экстракорпоральды ұрықтандыру бағдарламасына арналған квотаны 7 рет, яғни 7000-ға дейін ұлғайтуды тапсырған болатын», – делінген хабарламада.


Бағдарлама бойынша 2025 жылға дейін ЭКҰ-ға жыл сайын 7000 квота бөлу қарастырылған.
2021 жылдың нәтижесі бойынша 7000 әйел көмекші репродуктивті технология қызметін пайдаланды. Нәтижесінде 3218 әйел жүктілік бойынша есепке алынып, 2212 бала дүниеге келген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.