Екі автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті

1 578

Фото: Polisia.kzАлматының Алатау ауданында екі автобус соқтығысты – апат салдарынан алты адам зардап шекті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, Бекболат пен Новостройка көшелерінің қиылысында №75 және №102 бағыттағы екі автобус соқтығысқан. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, №75 автобустың жүргізушісі арақашықтықты сақтамау салдарынан аялдамада жолаушыларды мінгізіп, түсіріп жатқан №102 автобуспен соқтығысқан", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті. Қазір апаттың мән-жайын Алатау ауданының полиция басқармасының мамандары анықтап жатыр. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.