Бұрынғы шенеунік тұрғындардың 45 млн теңгесін қалтасына басқан

206
Бұрынғы мемлекеттік қызметкер астаналықтарды 45 миллион теңгеге алдаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Полицейлердің мәліметінше, Алматыда алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы әйел ұсталды. Әйелдің Астана қаласының екі тұрғынының 45 миллион теңге қаржысын алаяқтық жолмен иемденіп алғаны анықталды.

Ол мемлекеттік органның бұрынғы қызметкері бола тұра және көптеген байланыстарына алға тарта отырып, елорда тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама бойынша белгілі бір ақыға пәтер алуға көмектесуге уәде берген. Күдікті жәбірленушілерден сыйақыны бөліп-бөліп алып, жалпы сомасы 45 миллион теңгеге жеткен кезде байланысқа шықпай қойған. Сонымен бірге әйел оларға екі пәтер алатындарына  кепілдік берген, - деді баспасөз қызметі.


Күдікті қылмысын мойындап, полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (ерекше ірі көлемде жасалған алаяқтық) бойынша іс тергелуде. Сондай-ақ оның елордада осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар екені анықталды.

Полицейлер атап өткендей, бұл қылмыс бойынша мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.