Бүлдіршін балабақшада жарақат алып, көзінен айырыла жаздады
Атырау облысында екі жасар сәби балабақшада жарақат алып, көзінен айырыла жаздады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
Бұл оқиға 5 наурызда Құрманғазы ауданындағы "Боташым" балабақшасында болды. Қазір бүлдіршін аудандық аурухананың хирургия бөлімінде ем алып жатыр.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Сафон ауылындағы балабақшада жарақат алған бүлдіршіннің ісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Қаз
Рус






