Бүлдіршін балабақшада жарақат алып, көзінен айырыла жаздады

1 559

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Tengrinews.kzАтырау облысында екі жасар сәби балабақшада жарақат алып, көзінен айырыла жаздады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.


Бұл оқиға 5 наурызда Құрманғазы ауданындағы "Боташым" балабақшасында болды. Қазір бүлдіршін аудандық аурухананың хирургия бөлімінде ем алып жатыр.


Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір Сафон ауылындағы балабақшада жарақат алған бүлдіршіннің ісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды.


"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар бейнекамералардағы жазбалар тексеріліп жатыр. Балабақша қызметкерлері мен барлық куәгерлерден қажетті мәліметтер алынып жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.






OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.