Ұлттық байлықты халыққа тең бөлеміз – «Самұрық-Қазына» басшысы мәлімдеме жасады

594
Мемлекет басшысы қор жұмысын реформаламаса, басшысы Алмасадам Сатқалиев орнынан кетіп, қордың өзі жабылатынын ескерткен. Қор басшысы Сатқалиев осы сыннан кейін бүгін бірінші рет фейсбук парақшасына пост жариялады,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін, ел басшысының саяси ерік-жігерінің арқасында «Самұрық-Қазынада» бірегей мүмкіндік пайда болды. Ол – қоғамда белсенді түрде талқыланып жатқан реформаларды жүргізу. Біз сындарлы ұсыныстарды реформалау бағдарламасының жобасына енгізу үшін ой бөлісуге дайын әрбір адаммен диалог жүргіземіз. Жақын арада бұл жоспарлар ашық ақпарат көздерінде және біздің корпоративті веб-сайтымызда жарияланады. Біз сіздің сұрақтарыңыздың бәріне жауап береміз», - деп жазды ол.

Сатқалиевтің хабарлауынша, ең шешуші мәселе – ұлттық байлықты әділетті түрде бөлу элементі ретінде Қазақстан Республикасы азаматтарының қор активтерін иеленуге тікелей мүмкіндігін айтуға болады.

«Біз негізгі мәселелерді шешу үшін Қор компаниялары тобындағы бизнес-процестерді және корпоративті басқару тәжірибесін реформалауға, мұнай, газ, көмір, теміржол көлігі, электр энергиясы және телекоммуникация нарықтарындағы қатынастар құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар теңдессіз шараларды ұсынамыз. Олардың негізгі мақсаты – ел экономикасындағы проблемаларды шешу. Біз сатып алу жүйесін түбегейлі қайта қарауды, отандық өндірушілер мен ШОБ субъектілерін қолдау тетіктерін күшейтуді көздеп отырмыз. Бұл мәселелер 26 қаңтар, сәрсенбі күні әлеуметтік желілерде онлайн-трансляция арқылы ашық диалог форматында бизнес қауымдастығымен талқыланады. Біздің бағдарлама мақұлданған жағдайда мен оның енгізілуі мен орындалуын қамтамасыз етуге дайынмын», - деді ол.