Оралдағы кәсіпкер өлімі: Күдіктілердің бірінің әкесі оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер айтты

486

Оралдағы 49 жастағы кәсіпкердің өліміне қатысы бар күдіктінің бірі Тұрлан Амангелдінің ата-анасы сол күні ұлдары қылмыс болған дәмханаға не үшін барғанын білмейді. Олар ұлдарының кінәсі жоқ деген ойда, деп хабарлайды "Экспресс К" басылымына сілтеме беріп Opennews.kzақпарат агенттігі.Фото: polisia.kz


Олардың айтуынша, видеода кәсіпкерді пышақтап жатқан Тұрлан емес. 


Шошып кеттім, менің ұлым шыбынға да зиян тигізбейтін адам. Кәсіпкерді өлтірген сақалды жігіт. Олар тіпті дос емес, жай таныстар. Неге барды, білмейміз, жас, қой, басында түк жоқ. Бұл өмірде ештеңе көрмеген”, – дейді ол.


Тұрланның әкесі жақында үйіне екінші күдіктінің енесі келгенін айтты.


“Баламды іздеп жүргенде бізге сол жігіттің енесі келді, бұрын танымайтынбыз. Ол күйеу баласының кафеде жұмыс істейтінін, қарыздары бар екенін, оларға жалақы бермегенін айтқан, нақты білмейміз”, – деді ер адам.

Ата-анасы ұлының кінәсіз екенін дәлелдеу үшін оған адвокат жалдамақ ниетте.


Еске сала кетсек, Еркін Мұханғалиевтің мәйіті П. Атоян атындағы стадионның тұрағынан табылған. Кісі өлтіргеннен кейін күдіктілер 31 жастағы Руслан Қожантаев пен 21 жастағы Тұрлан Амангелді оқиға орнынан қашып кеткен. 


Оралдан шығатын және кіретін жолдарды полицейлер тексеріп, қылмыскерлерді ұстауға күш құрылымдары жұмылдырылды.


Сонымен қоса кәсіпкерді өлтірген сәттің видеосы тараған болатын. Кадрден кәсіпкердің екі жігітпен дәмханада сөйлесіп отырғанын көруге болады. Кенеттен жанжал басталып, жігіттердің бірі кәсіпкердің мойын тұсына бірнеше мәрте пышақ сұғып алады. Жарақат алған Еркін Мұханғалиев терезеден шығып үлгереді, бірақ олар оны қуып жетіп, көшеде тағы 15 рет пышақтаған. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше көз жұмды.