Әскерилерге құрастырмалы үй беріледі

421

Әскерилерді баспанамен қамту мәселесіндегі заңға түзетулер енгізілді. Мәжілісте бірауыздан мақұлданған заң енді сенатта қаралады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Толықтыру бойынша әскерилерге модульдік үйлер беру қарастырылған.

Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқовтың айтуынша, мұндай баспана жылдам құрастырылады. Әрі отбасы басқа аймаққа ауысқан жағдайда оны бұзып, өзімен алып кете алады.

"Қазақстан аумағы кең, шұғыл орын ауыстыру қажеттілігі бар. Әскерилер отбасымен бірге басқа аймаққа ауысқан жағдайда жинақы түрде көше салады. Модульдік үйлер тез бұзылады, сосын жаңа жерде қайта құрастырылады. Барлық коммуникациясы қамтылған. Қызметтік баспана ретінде берілетін үй 2-3 бөлмелі", — деді Дарын Тұяқов.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.