Алматыда жартылай жалаңаштанған азамат жанармай құю бекетінде ерсі әрекетке барды

333

Фото: видеодан скриншотӘлеуметтік желіде жартылай жалаңаштанған ер адамның жанармай құю бекетінінің шатырына шығып, ерсі әрекетке барғаны бейнеленген видео тарады. Кадрдан "бұзақының" компанияның логотипін жыртып жатқанын байқай қиын емес.


Желі оқырмандарының сөзінше, көптің талқысына түскен оқиға Шаляпин мен Бауыржан Момышұлы көшелерінің қиылысында болған. 


Кадрда ер адамның жанармай құю бекетінің шатырына шығып, компания логотипін жыртып, оларды айналасындағыларға лақтырғаны анық көрінеді. 


Сонымен қатар, төменнен полиция қызметкерлерін де байқау қиын емес. 
Әзірге құқық қорғау саласының мамандары оқиғаға түсініктеме берген жоқ

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.