Шахтада адам денесі табылды

251

Фото: polisia.kzБестөбе кенішіндегі жұмыс істемейтін шахтада Солтүстік Қазақстан облысынан келген ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ресми мәліметке сәйкес, 17 тамызда Степногорск қалалық полиция басқармасына Бестөбе кентіндегі «Западная» шахтасының аймағында жас жігіттің өлі денесі жатқаны туралы хабарлама түсті. Полицейлер марқұмның Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданының 23 жастағы тұрғыны екенін анықтады.

«Алдын ала болжамға сәйкес, ер адам шахтаға заңсыз кіремін дегенде қатты жарақат алған. Содан қайтыс болған»,— дейді полицейлер.


Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 269-бабы, 1-бөлігі (Күзетілетін объектіге заңсыз кіру) бойынша тергеу шаралары басталды.

Айта кетері, 22 шілдеде Бестөбе шахтасында заңсыз алтын іздеушінің мәйіті табылған болатын. Ал үш күннен кейін тағы бір ер адамның өлі денесі табылды. Бұдан бөлек, ауыр жарақат алған екі адам табылды. Олар заңсыз жарылыс жасау кезінде тастың астында қалып қойды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.