Күнәға белшесінен батқан ұрылар мешіт салса, күнәсі кешірілді деген сөз емес - журналист

314

"Күнәға белшесінен батқандар мешіт салса, күнәсі кешіріледі деген топас түсінік". Бұл пікірді журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзінің фейсбук парақшасында қалдырды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Адырна ұлттық порталына сілтеме жасап.

Фото: Адырна

"Елімізде мешіттер неге тым көбейіп, адамдар неге толассыз, жарыса мешіт салып жатыр десем, күнәға белшесінен батқандар мешіт салса, күнәсі кешіріледі деген топас түсінік бар екен ғой... Байқасаңыздар, бізде көбінесе нәннен бастап, көптеген ұры-қары, жемқорлар жарқыратып мешіт салыпты... Қайтейін-ай, қайтейін... Олар Алла Тағала күнәні кешіріп, сауаптан жазатын маңызды шаралардың тым көп екенін білмейді ғой... Құранды оқымаса, қайдан білсін?!. Қасындағы ақылман, данышпан кеңесшілері де, сәлделері дағарай болған дінбасылары да күнәні жуып-шаюдың мектеп салу, көпір салу, жол салу, баспанасызға баспана салу, халыққа қайырымдылық жасау сияқты мың сан жолы барын айтпаған ғой...", - деп жазды журналист.