Ұлттық банк алаяқтардың көбейгенін айтып, дабыл қақты
Ұлттық Банк қазақстандықтарға алаяқтық әрекеттердің қарқын алғанын ескертті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz ке сілтеме жасап.
Ұлттық банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және халықпен қолма-қол есеп айырыспайды.
Алаяқтық әдістердің тағы бір түрі – Ұлттық Банк әзірлеген жеке инвестициялық бағдарламалар деп аталады. Мұндай онлайн-платформаларда инвестициялар, жалған лицензиялар және құқық белгілейтін құжаттар туралы жалған ақпарат орналастырылған
Сондай-ақ, Ұлттық Банк мобильді қосымшаларды орнатпау керек екенін, жеке деректерді жарияламауды, AnyDesk, Team Viewer секілді смартфонды қашықтан басқаратын қызметтерден сақ болуды сұрайды. Қандай жағдайда болмасын, телефон арқылы берілген нұсқауларды орындаудан сақтанып, үшінші тараптың есеп шотына ақша аудармау керек, себебі мұндай аударымдарды қайтару немесе оны даулау өте қиын”, – деп жазылған банк хабарламасында.
Қаз
Рус







