Қызылордада 29 елді мекенді су басу қаупі төнуде
871
Сырдария өзенінің қазіргі жағдайы мамандардың алаңдаушылығын тудыруда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде жоғары су арналарынан секундына 600 текше метр су келіп жатыр. Соның салдарынан қызыл судан келетін қауіп сейілмей тұр. Сырдарияны мұз толықтай басып тұр, кейбір жерлерде оның қалыңдығы 44 сантиметрден асады. Осыдан бірнеше апта бұрын сең аймақтың оңтүстік аудандары тұсынан өтті.
Өкінішке қарай, дарияға жақын жерде орналасқан бір үйді су шайып кетті, абырой болғанда үй иелері көшіп үлгерген. Ендігі кезекте сеңнің қауіпсіз өтуі үшін алдын-алу шаралары жүргізіліп жатыр. Бөгеттерді нығайту шараларына жергілікті тұрғындар да атсалысып жатыр.
Белгілі болғандай, бүгінде Сырдария өзеніне жоғары су арналарынан секундына 600 текше метр су келіп жатыр. Бұл бірнеше апта бұрынғы көрсеткіштен сәл төмен. Дегенмен төтеншеліктер қауіп әлде де бар дейді. Өйткені дарияның су өткізу қабілеті 500—550 текше метр шамасында. Қолайсыз ауа райының салдарынан Шиеліден Арал ауданына дейін өзенде мұз толық ұстасып жатыр. Оқыс жағдайдың алдын-алу және мол суды тиімді пайдалану жолдары қарастырылып жатыр. Яғни, аудандардағы каналдарға су жіберіліп жатыр. Егін науқаны басталған кезде бұл шаруаларға біраз көмек болмақ.
Қазір Ақлақ су торабынан Кіші Арал теңізіне секундына 153 шаршы метр су жіберіліп жатыр. Алдағы уақытта жоғары су арналарынан келетін судың көлемі 700 текше метрге дейін артады деп күтілуде. Алайда мамандар мол суды облыс аумағынан жоспарлы түрде өткізіп жіберуге дайын екендеріне сендіруде.

Мен Шиелі ауданының тұрғынымын, ауылымыз дарияның жанында орналасқан. Әрине, тасқыннан қорқамыз, сақтық шараларын қамданып жатырмыз. Әкімшілік қызметкерлері өзеннің жағасына құм түсіріп берді. Мамандармен бірге қаптауға көмектесудеміз. Жаздыгүні осы суды қажет етеміз, ал қыстыгүні мүмкіндігінше қорғанамыз, - дейді ауыл тұрғыны Сабит Ережеп.
Белгілі болғандай, бүгінде Сырдария өзеніне жоғары су арналарынан секундына 600 текше метр су келіп жатыр. Бұл бірнеше апта бұрынғы көрсеткіштен сәл төмен. Дегенмен төтеншеліктер қауіп әлде де бар дейді. Өйткені дарияның су өткізу қабілеті 500—550 текше метр шамасында. Қолайсыз ауа райының салдарынан Шиеліден Арал ауданына дейін өзенде мұз толық ұстасып жатыр. Оқыс жағдайдың алдын-алу және мол суды тиімді пайдалану жолдары қарастырылып жатыр. Яғни, аудандардағы каналдарға су жіберіліп жатыр. Егін науқаны басталған кезде бұл шаруаларға біраз көмек болмақ.
Қазіргі уақытта облыс көлемінде 29 елді-мекенді су басу қаупі бар. Осыған байланысты аймақта 60 эвакуациялық жинақтау пункті мен 78 эвакуациялық қабылдау пункті орналасқан. Өзенге жақын жерде тұратын тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сырдарияның жағдайы жіті бақылауымызда, - деді Қызылорда облыстық ТЖД бөлім бастығы Бейбітхан Спанов.