"ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДIҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ" ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

1 871

Қызылорда жоғары медициналық колледжінде дипломнан кейінгі халықаралық институттың оқытушысы, медицина ғылымдарының кандидаты Утегенова Эльмира Сейтбекқызы облыстағы орта буынды медициналық  лаборанттар мен колледждің  "Лабораториялық диагностика" мамандығының білім алушыларына  "Лабораториялық зерттеулердің сапасын бағалау" тақырыбында семинар-тренинг өткіздi, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бес күнге созылған семинарда ғалым  лабораториялық зерттеулердегі жаңашылдық пен нәтижелер бойынша өз тәжірибесімен бөлістi. Семинарға колледж студенттері мен оқытушыларынан бөлек қалалық және аудандық емдеу, алдын-алу  мекемелерінен 56 лаборант қатысты. 


Семинар соңында Сыр өңірінен шыққан дәрігер-ғалым Эльмира Сейтбекқызына колледж директоры Калмакова Жанар Амангелдiқызы іскерлік сапары үшін алғыс білдірдi. 


Сондай-ақ, шара соңында  барлық қатысушыларға  сертификат табысталды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.