Кедей жаритын, халық дамитын күн туа ма?!
3 710
Қазіргі таңда қазақстандықтардың нақты табысы төмендеп барады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Жыл сайын айлық есептік көрсеткіш ұлғайғанымен айыппұл мен салық төлемдері де қоса көтерілетіні тағы бар. Жалақы мен зейнатақыға ақша қосылады деген хабардан бастап базар бағасы да асқақтай түсетіні жасырын емес. Тапқан табысы шайлығынан арылмайтын отбасылар саны күн санап артып келеді. Ал, әкімдік жағалап көмек сұрайтын жандар да жетерлік. Десек те, кедейліктен намысын жоғары қойып алақан жайып көмек сұрамайтындар да бар.
Статистика бюросының келтірген деректері бойынша, жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай кірістер 2022 жылы 146 567 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғы аймен салыстырғанда 2,7 пайызға төмендеген. Өткен жылы жұмыссыздар саны 451,2 мың адамды құрапты. Сондай-ақ, қаңтар айында азық-түлік тауарлары 20,8 пайызға дейін қымбаттаған. Азық-түлік емес тауарлар 15,5 пайызға шарықтағаны да белгілі.
Осылайша халықтың табысы төмен, тұтынатын азық-түлігі қымбат, жұмыссыздық көрсеткіші де үкіметтегілер айтып жүргендей оң нәтиже көрсетіп отырған жоқ. Сонда біздің елде кедейдің жаритын, халықтың дамитын сәті бола ма?! Болатын болса, ондай атты күн қашан тумақ?!
Расында ресми деректерге үңілетін болсақ, еліміздегі кедейліктің кең етек алғанын көреміз. Елімізде кедейлікпен кұресу мақсатында аз қамтылған отбасылар үшін атаулы әлеуметтік көмек беріледі. Бірақ неге екені беймәлім, біздің Үкіметтегі шенеуніктер оларды кедейлер емес, тұрмысы төмен және табысы аз отбасылар деп атайды. Мысалы, қазір 3 млн-ға жуық қазақстандықтар атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алады. Ол кедейліктің шарықтау шегі емес пе?
Кейбір экономистер халықты АӘК арқылы қолдау жеткіліксіз деп санайды. Қазақстанның 9 өңірінде кедейлердің үлесі орташа республикалық деңгейден, яғни 5,3%-дан асып түседі. Бұларға Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары, Алматы және Шымкент қалалары жатады екен. Бұл өңірлерде ең бай және ең кедей тұрғын арасындағы табыс алшақтығы өте үлкен.
Кедейшілік азаматтардың ашық наразылығын тудыратын өзекті әлеуметтік құбылыс. Ол адамға өзінің шұғыл қажеттіліктерін, яғни әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Кедейшіліктің белең алуы қылмыс, алкоголизм, есірткі қолдану деңгейін арттырады. Кедейшілік көбінесе құндылықтар жүйесінің, мәдениеттің және білімнің жоғалуына әкеп соқтырады. Қаражаттың жетіспеушілігі тұрмысы төмен отбасылардағы балалардың болашағын бұлыңғыр ететіндігін ескерген жөн.