ЖАЛАҒАШ КЕНТІНЕН «ДАЛИДА» САУДА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Бүгін Жалағаш кенті орталығынан «Далида» сауда орталығының ашылу рәсімі өтті. Жаңа кәсіпкерлік нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов қатысып, ел игілігіне берілген жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жалағаш ауданы бойынша 8 айында шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3011 тіркелген. Оның ішінде 2878 шағын орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс жасап тұр.
Жыл басынан аудан бойынша 3 млрд. 042 млн. теңгені құрайтын 94 жоба қаржыландырылған.
Бұған дейін жеке кәсіпкер Бақыткүл Ахметованың «Әділет» базары талапқа сай келмегендіктен жабылып, 2023 жылдың тамыз айында заманауи үлгідегі жалпы алаңы 360 ш/м, жалпы құны 100 млн теңге, оның ішінде 57 млн теңге «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Банк Центр Кредит» АҚ арқылы жеңілдетілген пайызбен қаржыландырылып «Далида» сауда үйі іске қосылған болатын.
Биыл жобаны кеңейту мақсатында бүгін Бақыткүл Ахметова жалпы алаңы 400 ш/м құрайтын «Далида» сауда үйін ашып, ел игілігіне пайдалануға берді. Жоба құны: Жеке қаражат есебінен 150 млн теңгені құрайды.