Nestlé-нің нәрестелерге арналған сүт қоспасынан улы заттар табылған
Желіде қазақстандықтар Nestlé-нің сәбилерге арналаған сүт қоспасынан улы зат табылғанын айтып дабыл қақты. Айтуларынша, бірнеше елде бұл өнімді дүкен сөрелерінен алып кері қайтарған. Алайда Қазақстандағы өнімнің құрамын әлі ешкім білмейді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Желі қолданушысы БАҚ-та тараған ақпаратпен бөлісіп, алаңдаушылығын білдірді.
Өзге желі қолданушылары да бұл ақпаратты қызу талқылады.
Ал ресейлік БАҚ Nestlé компаниясының NAN 1 OPTIPRO нәрестелерге арналған сүт қоспаларының құрамынан уытты зат анықталған партиялары бұғатталып, Ресей аумағына жеткізілмегенін хабарлауда.
Nestlé компаниясы 2025 жылғы 10 желтоқсанда Нидерландыдағы зауытта өндірілген NAN 1 OPTIPRO нәрестелерге арналған қоспасының бірнеше партиясын кері қайтару туралы бастама көтерді. Бұған өнім құрамынан Bacillus cereus бактериясы бөлетін цереулид атты уытты токсиннің анықталуы себеп болған.
Роспотребнадзордың хабарлауынша, бұл токсин құсу, іш өту және ауыр улануға әкелуі мүмкін. Әсіресе бұл емшектегі сәбилер үшін өте қауіпті. Ведомство өкілдері аталған партиялардың Ресейге ресми түрде жеткізілмегенін мәлімдеді. Мамандар осы тізімдегі өнімдерді сатып алмауға және пайдаланбауға кеңес береді.
Дегенмен Nestlé компаниясының Қазақстандағы өкілдері алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді.







