Жыл басынан бері жол-көлік оқиғалар салдарынан 20-дан аса адам қаза тапты
Ақтөбе облысында полиция жол қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция департаменті мәліметінше, бұл жұмыста заманауи құралдар, соның ішінде бейнебақылау камералары мен ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) қолданылған. Сонымен қатар, құқықбұзушылықты жасырын түрде анықтау тәсілі де бар. Жыл басынан бері облыс жолдарында 342 жол апаты тіркелген. Салдарынан 23 адам қаза тауып, 500 адам түрлі жарақат алған. Кәмелетке толмағандарға қатысты 77 жол апаты болып, бір бала қаза тапқан, 98-і жарақат алған.
"Жол апатының ең көбі Самара-Шымкент тасжолында тіркелген. Бұл бағытта 35 жол апаты болып, 72 адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапқан. Алты жол апаты мас күйде көлік басқарған жүргізушілердің себебінен болған", - деп жазылған хабарламада.







