Шахтаға заңсыз кірген екі адам көз жұмды

1 514

Фото:©ChatGPTАқмола облысындағы Бестөбе кенішіне қарасты шахтада заңсыз алтын іздеумен айналысқан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі kz.kursiv.media сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 19 мамыр күні Қазақалтын компаниясына қарасты «Центральная» шахтасында болғаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша, 610-горизонт тереңдігінде опырылу болып, оның астында екі ер адам қалып қойған.Опырылған жерге жету үшін тау-кен құтқарушылары шамамен 1,5 шақырым жерді жерасты қазбалары арқылы жүріп өткен. Ер адамдардың екеуі де оқиға орнында қаза тапқаны белгілі болды. Қаза тапқандар Солтүстік Қазақстан облысынан келген. Болжам бойынша, олар тез табыс табу мақсатында заңсыз кен өндірумен айналысқан.

Ақмола облысының полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Осы факті бойынша Степногорск қалалық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 269-1-бабының 3-бөлігі – «Күзетілетін нысанға заңсыз кіру абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр салдарға әкеп соғу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.