Жеке сот орындаушы заңсыз әрекеті үшін лицензиясынан айырылған

1 502

Фото: ©gov.kzҚалалық прокуратура жеке сот орындаушысының қызметін тексеру барысында заңнама талаптарын өрескел және жүйелі түрде бұзу деректерін анықтады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Жеке сот орындаушысы талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі соттың қабылдаған шараларына қарамастан, борышкердің банктік шотынан екі рет заңсыз тыйым салуды алып тастағаны анықталған. 

"Нәтижесінде өндіріп алушының құқықтары бұзылған, өйткені жауапкер ақша қаражатына кедергісіз пайдалану мүмкіндігіне ие болған. Бұл сот актісінің нақты орындалуына қауіп төндірді. Тексеру нәтижелері бойынша қала прокуратурасы жеке сот орындаушысы лицензиясын қолдануына тоқтау қоя отырып, Әділет департаментіне қадағалау актісін енгізді", – делінген хабарламада.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен жеке сот орындаушысы өзінің кәсіби қызметімен айналысу құқығынан айырылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.